Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың кезекті күнінде отандық жас спортшылар ел қоржынына екі медаль салды.
Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді.
Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтық бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.