• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 24 Қаңтар, 2022

Бұзақылар пышақтаған бразилиялық спортшы қайтыс болды

1248 рет
көрсетілді

Бразилиялық Gaucha ZH басылымы UFC мен Bellator-дың бұрынғы спортшысы Майкель Фалькаоны Пелотас қаласындағы мейрамханалардың бірінің маңында бұзақылар пышақтап кеткені туралы ақпарат таратқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Басылымның соңғы жазбасында спортшының ауруханада қайтыс болғаны туралы мәлімет тарады. Бұзақылар спортшыны бүйір тұсынан жарақаттаған. Жедел жәрдем қызметкерлері жедел жетіп, спортшыны ауруханаға лезде жеткізгеніне қарамастан, ақ халаттылар бұрынғы жекпе-жек шеберінің өмірін сақтап қала алмады.  

Майкель Фалькао UFC-де бір ғана жекпе-жек өткізгені белгілі. Ол Джеральд Харриске қарсы сегіз бұрышқа шығып, қарсыласын төрешілердің бір жақты шешімімен жеңген болатын. Алайда арада біршама уақыт өткеннен кейін ұйым оны өз қатарынан шығарып тастады. Оған себеп, спортшының 2002 жылы әйел адамға шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған. Соған байланысты спортшы құрықталған да болатын.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол Bellator-ға ауысты. Мұнда орта салмақтағы доданың алтыншы маусымында үздік шықты. Кейін Александр Шлеменкомен шайқасуға мүмкіндік алған Фалкао қарсыласынан екінші раундта нокаутпен жеңілген еді.