«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрт елдегі өкілдігін жабады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, сөз төрт қала туралы - Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды.