• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қаңтар, 2022

Алғаш рет әйел адам Жоғарғы Соттың судьясы болды

416 рет
көрсетілді

Пәкістан астанасы Исламабадта алғаш рет Жоғарғы соттың судьясы қызметіне әйел адам тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

55 жастағы Айша Малик 16  ер әріптестерімен бірге Жоғарғы сотта өз жұмысын жалғастырмақ. Қорғаушылар мен белсенділер бұл ерлер басымдыққа ие болған Пәкістан қоғамындағы әйелдердің сирек кездесетін жеңісі дегенді алға тартып отыр.

Кейбір қорғаушылар мен судьядар Айша Маликтің тағайындалуына қарсы болды. Себебі оны басқа үміткерлерге қарағанда біліктілігі  төмен деп санады.

Асель Жигитова,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.