• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 27 Қаңтар, 2022

Қысқы ұбт-ға 100 мыңнан астам өтінім түсті

360 рет
көрсетілді

Қазақстанда қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Қаты­су­шылардан 104 мыңға жуық өтінім түсті. Ұлттық бірыңғай тес­тілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Алайда елде төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты мерзімі кейінге шегерілді. Қажеттілігіне қарай тестілеуге қосымша күндер енгізілді.

Биыл министрлік талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ тестілеу тапсыру процесінің ашықтығы мен транспаренттілігін күшейту үшін бірқатар өзгеріс енгізді.

«Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша уақыт бе­рілді. Көру, есту, тірек-қи­мыл аппаратының функцияла­ры бұзылған талапкерлерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек қо­сымша 40 минут беріледі. Яғни олар ҰБТ-ны 4 сағат 40 ми­нут ішінде, басқаларға қара­ғанда ұзағырақ тапсыра алады. Сонымен қатар ерекше қажет­ті­ліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Бұл өзгерістер ҰБТ тапсыруды айтарлықтай жеңілдетеді», деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу «1 компьютер – 2 ка­мера – 1 тестіленуші» қағи­даты бойынша жүргізіледі. Оқу­ға түсушінің тест тапсыру ор­нында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жа­зу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера ор­на­тылады. Фронталды веб-ка­мера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін бол­дыр­мауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу жә­не тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Тапсыратын пәндер саны өз­гер­ген жоқ – екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы – 20 және екі бейінді пәннен 35 тапсырмадан беріледі. Тестілеуді өткізу уақыты – 4 сағат (240 минут). ҰБТ нәтижесі бо­йынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

Тестілеуге кірер кезінде қолмен тексеретін және рамалық металл іздегіштер қолданылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігі үшін, ережелерді бұзудың және тыйым салынған заттарды (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) алып өтудің алдын алу үшін де қажет. Қатысушылар­дан тыйым салынған заттар та­былған жағ­дайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.

Тестілеу кезінде мобильді және радиоэлектрондық байла­ныс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады. Ол аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылау камераларының ауданына байланысты жұмыс істейді.

ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағ­дайда, оқуға түсушінің ҰБТ нә­тижелері жойылады.

Айта кетсек, қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға болады. Тү­лектер жазғы тестілеу негізінде грантқа үміткер бола алады.

Сондай-ақ барлық санитар­лық-эпидемиялық талап қатаң сақталады.