Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы белгілі бокс сарапшысы Майк Коппинджер ақпарат таратты. Соңғы деректерге сенсек, промоутер Эдди Хирн Сауль Альвареске екі бірдей жекпе-жек ұйымдастыру туралы ұсыныс жасаған. Ол бірінші кезекте мексикалық боксшының жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволмен мамыр айында шаршы алаңда кездескенін қалайды. Ал Головкин-Альварес трилогиясын 17 қыркүйекте ұйымдастыруға бел буып отыр. Шайқас ұйымдастырылған жағдайда екінші орта салмақ дәрежесінде өтпек.