Үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты Шымкент-Самара тас жолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты 27 қаңтарда сағат 8:50-де болған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Volkswagen Sharan жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткенін хабарлады. Онда ол жол жиегінде тұрған Mercedes ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде үш жолаушы (1987, 1988 жылы туған екі әйел мен 1976 жылы туған ер адам) оқиға орнында қайтыс болды, қалған үш жолаушы мен Volkswagen жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департамент.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.