• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қаңтар, 2022

Баскетбол аңызы Коби Брайантқа ескерткіш орнатылды

180 рет
көрсетілді

АҚШ-та НБА-ның бес дүркін чемпионы, Лейкерстің бұрынғы қорғаушысы Коби Брайант пен оның қызы Джианнаның құрметіне ескерткіш тұрғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ескерткіш Коби мен Джианна мінген тікұшақ құлаған жерде орнатылды. Мүсінші Дэн Медина «Лейкерстің» жейдесін киіп, баскетбол добын ұстаған қызын құшақтап тұрған спортшыны бейнелеген, Ескерткіште Брайанттардың есімдері мен апат салдарынан қайтыс болған басқа да құрбандардың отбасылары көрсетілген.

Еске сала кетсек, Коби Брайант 2020 жылдың 26 қаңтарында тікұшақ апатына ұшырап, қайтыс болды. Жеке тікұшақ бортында оның 13 жасар қызы Джоанна мен тағы жеті адам болды.