• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2022

«Самұрық-Қазына» төрағасы жұмыстан қысқарған «жағымсыз тұлғалар» туралы айтты

2997 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сатып алуға жауапты басшылардың жұмыстан қысқаруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмасадам Сәтқалиев қорда өте күрделі реформаның басталғанын, нәтижесінде функцияларын жүзеге асырмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар бірқатар лауазымды тұлғалар анықталғанын айтты.

«Бізге келіп түскен барлық ескертулерді талдадық, көрдік. Осының нәтижесінде директорлар кеңесі мен компания басшыларына сатып алу мәселесіне байланысты барлық басшыларды лауазымдарынан босатуды ұсындық. Бұл популистік шара емес. Мен кез келген бұзушылықтардың негізінде адами фактор жатыр деп айтқан болатынмын. Бизнес пен қоғам тұрғысынан жағымсыз тұлғаларды жұмыстан шығару туралы ұсыныстар айтылды. Қазір бізде әлеуметтік желілер өте белсенді», деп мәлімдеді Алмасадам Сатқалиев сатып алу мәселелері жөніндегі онлайн-кеңес барысында.