• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 29 Қаңтар, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекшілер жаттығуға кірісті

282 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада коитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін таңертең шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері Бейжің мұз айдынында дайындықтарын пысықтады.

Айта кетейік, Олимпиадада шорт-тректен ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.

Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.