• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 31 Қаңтар, 2022

Шаршы алаңда ұйқыға кетуіне көмектесемін – Крис Юбенк

622 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық кәсіпқой бокс шебері Крис Юбенк кіші шаршы алаңда кезекті қарсыласы, отандасы Лиам Уильямсты ойқастап жүріп жеңетіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жекпе-жектің ұйымдастырылуы барысында не түрлі сөздер айтылды. Сол себепті де бұл шайқас жеке мүдде мәселесіне айналды. Мен оны тек қана жеңбеймін, рингте «сындырамын». Қазірдің өзінде оның еңсесі түсіп қалды. Кімге қарсы рингке шығатынын ол әлі толық түсінген жоқ. Лиамның өз стилі жоқ. Соққыларымды қажетінше дарытамын. Бір сәтте ол ауыр соққыларды әбден сезініп, шаршы алаңда «ұйқыға» кетеді», дейді боксшы.