Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ОСК сайтында жарияланды.
«1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.
2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», делінген қаулыда.
Ерлан Қошанов 59 жаста. Ол 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарған. 2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін ол премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетін басқарған.