• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Білім 01 Ақпан, 2022

Үкімет мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды

3625 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әкімдіктер мен Білім және ғылым министрлігіне педагогтерді әлеуметтік қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасындағы айырмашылықты қысқарту мақсатында ауылды аймақтарға кадр тартып, қосымша қаржы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарауды алға тартты.

«Педагогтерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында әкімдіктер мен Білім министрлігі кадр тапшы өңірлерге ұстаздарды тарту үшін қосымша ақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеу жөніндегі шараларды қарастырған жөн. Жақын орналасқан мектептен тыс ұйымдарды тегін мектеп үйірмелерін, спорт секцияларын, аула клубтарын көбейту жұмысын жүргізу қажет. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін реформалауды жалғастыру керек. Оның сапасын, тәсілдері мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін түбегейлі өзгерткен жөн», деді Әлихан Смайылов.