• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Ақпан, 2022

Қазақстандық теннисші финалда қазылық етті

118 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннис төрешілері биыл алғаш рет Аустралия ашық чемпио­натының жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекесінде қазылық етті.

«Үлкен дулыға» санатындағы ірі жарыс­та Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко өз жұмыстарын мінсіз атқарып шықты. М.Кәукеева қыздар арасында жұптық сын­дағы соңғы бәсекеге төрелік етсе, Ю.Иг­натченко бозбалалар арасындағы жекелей сында қазылық жасады. Меруерт пен Юлия 2020 жылы әйелдер арасында ең білікті төрешілер қатарында WTA командасына қосылды. Өткен жылы Токио Олимпиадасына, сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатына, «Ролан Гаррос» және «Уимблдон» сынды үш «Үлкен дулыға» турниріне төреші ретінде қатысты.