Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.
«Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында анықтады.
Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді», делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын, он мың АҚШ долларынан астам қаржыны алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажеттігін ескертеді.