• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Ақпан, 2022

Алматыда мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтіргендер сотталды

308 рет
көрсетілді

Алматыда қылмыстық топ бақылауындағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, деп хабарлайды Egemen.kz қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан, құрамында жеті адам бар қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

«Бұл тұлғалар 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 4 коммерциялық компания арқылы салық төлеуден жалтару бойынша көмектесті. Сондай-ақ айыпталушылар тұрғылықты жерінде салмағы 849 грамм болатын тыйым салынған «марихуана» есірткісін өсіргені анықталды»,  делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық Кодекстің 216-бабы 3-бөлігі «Іс жүзінде жұмысты орындамай шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау» бойынша кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы полициясы тыйым салынған есірткі заттарына қатысты істі тергейді.