• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Театр 04 Ақпан, 2022

Сырлы сахнадан – жан сарайына

489 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы қасиетті қара шаңырақ Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театры биыл торқалы тоқсанның төріне шыққалы отыр.

Талай тұғырлы тұлғалардың ізі қалған киелі сахна көзі қарақты көрермен үшін әрқашан ыстық.

Өз кезегінде биыл аталған ұжым мерейлі межеде театр сүйер қауымды көптеген жаңа премьерамен қуантпақ. Соның бірі – тұсауы кесілгелі отырған «Айналайын» психологиялық драмасы. Премьера бүгін сағат 18:30-да  және 5, 6 ақпан күндері  сағат 17:00-де өтеді.

«Айналайын» – тәжік драматургі және режиссері Барзу Абдуразаковтың пьесасы екенін айта кеткеніміз жөн. Ер жетіп қалған ұл мен ана арасындағы тартысты драма қазіргі қоғамның көңіл күйін дәл суреттейді. Шынында да, бала есейген сайын өзін бағып-қаққан, өсіріп, ер жеткізген ата-анадан алшақтай береді. Қарапайым қоңырау шала салудың өзі қиын шаруадай көрінеді.

Мәнісі тым тереңде жатқандай. Пси­хо­логиялық драма осыған жауап іздейді.

Пьесаны аударған Ұлпан Тоқаева болса, қоюшы режиссер Айдын Салбанов.