• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Ақпан, 2022

Спорт түрлері іріктелді

418 рет
көрсетілді

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиа­дасының алдын ала бағдарламасына 28 спорт түрін енгізді.

Былтыр Токиода тұсауы кесілген скейтбординг, серфинг, спорттық шыңға өрмелеу жарыстары Лос-Анджелесте де өтетін болды. Ал бокс, ауыр атлетика және қазіргі бес­сайысқа байланысты нақты шешім қа­былданған жоқ. Халықаралық федерациялар олимпиадалық бағдарламадағы орнын сақтап қалу үшін реформаларды аяқтаулары қажет.

2023 жылы ұйымдастыру комитеті Лос-Анджелестегі Олимпиада бағдарламасына енетін қосымша спорт түрлерін ұсынуы мүмкін. Ойын бағдарламасына қатысты соңғы шешім 2024 жылдың желтоқсанында қабылданады.