ҚР Президентінің Баға бойынша сөз байласқан шағын кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мүмкіндік беретін Жарлығына толықтыру енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін», делінген Жарлықта.
Атап айқанда, құжаттың 1-тармағы 13) тармақшамен толықтырылды.
Бұл тармақта шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге жарияланған мораторидің күші жүрмейтін жағдайлардың тізбесі берілген. Осы тізбеге 13) тармақша арқылы «әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексерулер» кіріп отыр.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.