Қазақстанның шорт-тректен командасы Бейжің-2022 аралас эстафетасында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, бастапқыда Қазақстан командасы 6-орыннан көрінді. Алайда, А финалында Канада командасы жарыс ережелерін бұзып, дисквалификацияға ұшырады. Бұл командалардың қорытынды орналасуына әсер етті.
Осылайша, біздің құрама қорытынды хаттамада бір сатыға көтеріліп, бесінші орынды иеленді.