• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 06 Ақпан, 2022

Мектеп кітапханаларының қоры екі миллион кітаппен толықты

415 рет
көрсетілді

Оқу жылының басталғалы бері еліміздегі мектеп кітапханаларының қоры екі миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы Қазақстанда «Оқитын мектеп» жобасы басталды. Оған бірқатар шаралар кіреді, атап айтқанда: мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, кітапханаларды жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру.

Сонымен қатар, барлық мектептерде күнделікті 20 минуттық міндетті кітап оқу енгізілген.

Сондай-ақ, мектеп кітапханаларының жанынан коворкинг-орталықтар құрылуда. Елімізде барлығы 440 коворкинг-орталық жұмыс істейді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының кітапханалары автоматтандырылып, қайта жабдықталады. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс студенттерге кітап іздеу және алу бойынша ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі.

«Білім және ғылым министрлігі ЖОО-лар, мектептер мен колледждердің алдына оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және қажетті ақпаратты ыңғайлы іздеуді қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан қазір ЖОО-лар автоматтандырылған жүйелерді енгізу, өзгерістер енгізу, талаптарға сәйкес жүйелерді пысықтау және персоналды оқыту бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен қатар ЖОО-лар кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыруда. Ең бастысы, университет кітапханалары мектеп оқушылары үшін ашық болады. Медиаресурстар - электронды оқулықтар, энциклопедиялар, құралдар және басқа да әдебиеттер көбейді. Басқа электрондық кітапханалардың толық мәтінді және мультимедиялық ресурстарына, соның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық базаларына қол жеткізу қамтамасыз етілді. Бұл шаралар студенттеріміз үшін барлық жағдайды жасау үшін қабылданып жатыр», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.