• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Ақпан, 2022

Сирияда бір күнде 6 бала қаза тапты

140 рет
көрсетілді

ЮНИСЕФ растаған мә­лі­меттерге сәйкес Си­рия­ның солтүстік-ба­ты­сында басталған зорлық-зомбылық салдарынан алты бала қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, Сирия­ның солтүстік-батысындағы Атмех қаласында кеңауқымды қарулы қақтығыс болған. Келіп түс­кен мәліметтерге сәйкес халық тығыз орналасқан аймақ­тарға зақым келген.

«Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», деді ЮНИСЕФ өкілі.

Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасы зор­лық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.