Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Крис Юбенк отандасы Лиам Уильямстан айласын асырғаннан кейін әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын шайқасқа шыққым келеді. Сондықтан ұйымдастырушылар мені қазақстандық Геннадий Головкинге немесе жапониялық боксшы Риота Муратаға қарсы шығарғанын қалаймын. Әлем чемпионы атануыма мүмкіндік берілуі керек. Қысқасы, бокс фанаттары жақсы білетін боксшымен шығатын кез келді», деді ол өз ойымен бөлісіп.