Екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс отандасы Крис Юбенкпен екінші рет шаршы алаңда кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кристе менің телефон нөмірім бар. Кез келген уақытта маған қоңырау шалуына болады. Әйткенмен екеуміздің арамыздағы екінші жекпе-жекті өткізу үшін бір мәселе туындайды. Менде DAZN-мен келісімшарт бар. Ал Юбенк бізбен бірге емес. Сондықтан келісімге қалай келетінімізді әзір түсінбеймін. Алайда жолын тауып, жекпе-жек ұйымдастыруға болады. Оған күмәнім жоқ. Қысқасы, Головкинді емес, мені ізде», дейді Билли Джо Сондерс.
Екі боксшы 2014 жылдың қараша айында шаршы алаңда өзара кім мықтыны анықтаған болатын. Аталмыш жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Билли Джо Сондерс жеңіске жеткен еді.