• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Ақпан, 2022

Мұхтар Тілеуберді Еуропалық одақтың арнайы өкілімен кездесті

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Терри Хакаламен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы көпжоспарлы стратегиялық әріптестікті одан әрі қарқындату жөніндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Сұхбаттастар «Орталық Азия – ЕО» диалог алаңы мен ынтымақтастықтың екіжақты тетіктері тұрақты экономикалық даму, шекара қауіпсіздігін нығайту, терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес саласында біздің өңірге озық еуропалық тәжірибені тарту түрінде практикалық пайда әкелетінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар қазақстандық құқық қорғау органдарының қаңтар айында Қазақстанда болған оқиғалардың барлық мән-жайларына объективті тексеру жүргізуге және ұсталғандардың құқықтары бұзылуына қатысты шағымдарды мұқият қарауға ортақ мүдделілігін атап өтті.