• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2022

«Самұрық-Қазына» басшысы АЭС салу тиімді шешім екенін айтты

360 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырсында АЭС салу мәселесінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық энергетикалық желіні жаңғыртудың жаңа жобасы негізгі жобалардың бірі болуы керек. Бұл желілерге жаңа қуат көздерін қосу үшін қажет дүние. Оның ішінде жаңартылатын қуат көздері де бар. Атап айтсақ, қазірдің өзінде электр энергиясын өндіру және тұтыну балансының болжамына қарап отырып, елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін іске қосу керектігі қазірдің өзінде байқалып отыр», деді қордың басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді екенін жеткізді.

«Күн тәртібінде жасыл технологиялар тұрғанын ескерсек, біздің көзқарасымыз бойынша атом электр стансасын салу анағұрлым тиімді шешім болады», деді «Самұрық-Қазына» басшысы.