• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Ақпан, 2022

Қатерлі ісікті ашық операциясыз алып тастады

261 рет
көрсетілді

Елордадағы Президенттік клиникада тік ішек қа­тер­лі ісігі диагнозы қо­йыл­ған пациентке алғаш рет эндоскопиялық тәсіл­мен операция жасалып, қа­уіп­тің беті қайтты.

Осыдан төрт ай бұрын Прези­дент­тік клиникаға тексе­рілуге келген Жанат Күз­дено­ваны еш жері ауырып мазаламаған екен. Жай ғана тексерілмек болған пациенттен қасерлі ісік табылады. Биопсия жасау үшін үлгі алынып, оның нәтижесінде қатерлі ісіктің өсіп жатқаны белгілі бол­ған.

Сонымен, дәрігердің кеңе­сі­мен пациентке эндоско­пиялық әдіспен операция жасалды. Пре­зи­денттік клиника мамандары эндоскописті ашық араласусыз, денеге табиғи саңылау жасау арқылы оны алып тастады. Қазіргі уақытта пациент өзін жақ­сы сезінетінін айтты.

«Тексеру нәтижесінде ісік табылды. Дәрігер-эндоскопист Жеңісбек Тынкозиев консульта­ция беріп, эндоскопиялық операция жасауды ұсынды. Яғни іш қуысына ашық операция жасал­майды екен. Әрине, қа­уіп те бар еді. Бірақ операция сол кездегі жалғыз, дұрыс ше­шім болды. Оның үстіне дәрі­гердің кәсібилігіне сендім. Операциядан кейінгі кезең жақсы өтті, қазір денсаулығым жақ­сы, дәрігердің ұсыныстарын орындап отырдым. Міне, төрт ай өтті, өзімді жақсы сезінемін», дейді Жанат.

Операция эндоскопиялық тәсіл­мен жасалғандықтан, па­­циент операциядан соң екі сағаттан кейін үйі­не шыға­рылды. Үш айдан кейін қайта тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері таңғаларлықтай.

«Өкінішке қарай, мұндай операцияға барлық пациент жарай бермейді. Операциядан кейін ісіктің орнын мұқият тек­сер­дік. Үш ай ғана өтті ғой, ал опе­рация бір жыл бұрын жа­сал­­ған сияқты. Мұндай нәти­жеге қалай қуанбайсың», дейді дәрігер Ж.Тынкозиев.

Оның айтуынша, ерте сатыда жаңа дамып келе жат­қан кішкентай ісіктерді эндос­ко­пия­лық әдіспен алып тастауға болады. Сондықтан да дәрігер адам­дар­ға өз денсаулығын үнемі тексеріп, бақылап отыруды ұсынады.