Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шорт-трекистердің 1500 метр қашықтықта ширек финалдық жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан намысын Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша қорғады. Ғалиахметов 2:11.83 уақыт көрсетіп, екінші орын алды - бұл оған жарыстың жартылай финалына шығу үшін жеткілікті болды.
Никиша болса, мұз үстінде құлап, жарыстан шеттетілді.
Жартылай финалдық жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 18:29-да басталады.
Айта кетсек, бүгін шорт-тректе Қазақстан сапынан Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта біліктілікте өнер көрсетеді.