Керме бұрышын бір қолмен ең ұзақ уақыт ұстап, ауада қимылсыз тұрған Түркістан облысының тумасы Ерғали Қалдыбеков өзіндік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы мұндай әуес спортқа аңсары ауғандар өз рекордтарын жиі жариялап тұратын. Соңғы көргенімізде шетелдік әуесқойлардың бірі 29 секунд бойы ағаш кермеде еркін тұрғанын байқаған едік. Оны рекорд жасады деп жатқандар да аз болмаған. Бүгін Ерғали Қалдыбеков аталмыш рекордтың мұртын бұзып, бір қолымен кермені ұстаған қалпында 37 секунд бойы шыдамдылық танытты.