• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Ақпан, 2022

Семей тұрғыны танысын жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен

162 рет
көрсетілді

Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны танысына облыстағы жоғары оқу орындарының біріне жұмысқа орналасу үшін 550 мың теңге берген. Танысы байланысқа шықпаған соң, алданған жәбірленуші полицияға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Ұсталған әйел кінәсін мойындап, ақшаны жұмсап жібергенін түсіндірді. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сот алды тергеу басталды. Баптың санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді полиция өкілдері.