• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 10 Ақпан, 2022

Елордадағы Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды

438 рет
көрсетілді

Елордадағы Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, мәдениет ошағының жұмысымен таныстым. Осы ретте, театр директорының ауысқанын хабарлаймын. Еліміздің бірқатар беделді театрларында басшылық қызмет атқарған Жаудыр Айболат Жанғалиұлы тағайындалды», деп жазды министр Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін Ернар Жұматаев атқарған болатын.