• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Ақпан, 2022

Жүк тасымалы жіті бақылауда

4345 рет
көрсетілді

Жүк жөнелтушілердің кө­мір та­сымалдау жөніндегі өті­нім­де­рі толық көлемде орында­лу­­да.

Биыл қаңтар айында темір жол көлігі­мен 10,3 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. Өткен жыл­дың ұқсас кезеңіне қарағанда өсім 5%-ды құрады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бо­йынша қазақстандық тұ­ты­­нушылар үшін 7,3 млн тонна­сы жеткізіліп, жос­пар 105%-ға орындалды. Қатты отын экспорты 23%-ға өсіп, 3 млн тоннаға жетті.

Әлеуметтік маңызы бар жүк­тер­­ді (астық және көмір) тасы­малдау жіті бақылауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен күн са­йын ірі коммуналдық-тұрмыстық көмір жөнелтушілер («Шұ­баркөл Көмір» АҚ, «Богатырь Кө­мір» ЖШС, Tranco Nura ЖШС, «Вос­токУгольПром» ЖШС) және жер­гі­­лік­ті атқарушы органдар өкіл­де­рі­­нің қа­ты­суы­­мен кеңестер өткі­зі­ле­ді.

Компанияда көмір тасымалдау бо­йынша жедел штаб, ал жол бөлім­ше­­лерінде жедел топтар бар, олар жүк жөнелтушілердің өті­нім­дерін қам­тамасыз етуді ба­қы­лайды, ЖЭО және ГРЭС қой­ма­ла­рында қатты отын қоры­ның қалдықтарын монито­рин­гі­лейді. Жүк жөнелтушілер мәлімделген кө­­лем­­дерге сәйкес вагондармен қам­та­ма­­сыз етіледі.

Теміржолшылар жылыту мау­сы­­­мына сәтті дайындық тасы­мал­­дау­шыға ғана емес, тасымалдау про­­цесіне қаты­су­шылардың үй­ле­сім­­ді күш-жігеріне де байланысты екенін еске салады, деп хабарлады «Қа­зақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.