13 ақпандағы жағдайға зер салсақ, «қызыл» аймақта тұрған өңірлердің бірі «сары» аймаққа өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында өзгеріс байқалады. Күні кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа «орналасты».
Сонымен «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар. Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары «жасыл» аймаққа көшкен.