• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Ақпан, 2022

Украиналық әншіні Манижадан плагиат жасады деп айыптады

468 рет
көрсетілді

Евровидение-2022 байқауына қатысу үшін ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Украина елінің әншісі Алина Пашқа жанкүйерлері ресейлік әнші Манижаның нөмірінен плагиат жасады деген айып тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оның бейнесі мен нөмірі, идеясы өткен жылы конкурста Ресей атынан сынға түскен әнші Манижаның қойылымына ұқсас» деп сынады жанкүйерлері. Сондай-ақ «Манижаның көшірмесі, олар ештеңе ойлап таба алмайды», деген сыңайда да бірнеше пікір жазылған. Осылайша украиналық әнші сынның астында қалды.