• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 13 Ақпан, 2022

Абзалға жүлде бұйырмады

335 рет
көрсетілді

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен финалға шыққан отандасымыз Абзал Әжғалиев жүлдені маңайлап барып тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақ оғланы үздік үштіктен көріне алмады. Финалға қиналмай жеткен Абзал Әжғалиев шешуші сәтте төртінші орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Тағы бір қазақстандық спортшы Денис Никиша доданы сегізінші орынмен аяқтаса, Әділ Ғалиахметов жарысты ширек финалда аяқтаған болатын.