АҚШ-тың әскери көмегі бар тағы екі ұшақ жексенбіде Украинаға келді. Бұл туралы АҚШ-тың Киевтегі елшілігі ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін Украинаға АҚШ-тан әскери көмекпен 15 ұшақ келген болатын. «РБК-Украина» басылымы Украинаның Қорғаныс министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, АҚШ-тан материалдық-техникалық көмек жеткізу шамамен 45 рейске жоспарланғаны туралы мәліметпен бөліскен болатын.
«Бүгін таңертең Украинаның қорғанысын күшейту үшін АҚШ-тан Киевке екі ұшақ келді. 200 миллион доллар көлеміндегі көмектің бұл бөлігі гранатометтерге арналған оқ-дәрілер мен зарядтар. Біз Украинамен біргеміз», делінген елшіліктің Twitter-дегі хабарламасында.