14 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың бір ғана түрі бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, спорттың бір ғана түрі фристайлдың шаңғы акробатикасынан екі аруымыз жарыс жолына шығады. Әйелдер арасындағы аламанда Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева ел намысын абыроймен қорғап, қоржынымызға жүлде түсіруге тырысып көреді.