• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Ақпан, 2022

Екінші рет жеңілді

178 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жек ұйымының (UFC) аса жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшін­ші жекпе-жегін өткізіп, екінші рет жеңілді.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC 271 турнирінде октагонға шыққан жерлесіміз бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4-0-1) жұдырықтасты. Жекпе-жектің бірінші кезеңінде Сергей Морозов қарсыласына қарағанда басым болды. Тіпті бразилиялықты бір мәрте есеңгіретіп те алды. Алайда екінші раундтың басында Морозовтың өзі нокдаунға түсіп қалды. Кейіннен раунд ортасында брази­лиялық Сергейді канвасқа құлатып, қыл­қындыру әдісімен жеңіп кетті.

Осылайша, Силва де Андраде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Енді оның есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Моро­зов болса, UFC-де екінші рет сәтсіз­дікке ұшырады. Ол былтыр ресейлік Омар Нурмагомедовтен (13-0) жеңілген еді.