Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның допинг мәселесіне қатысты шешімін жариялады. 15 жастағы спортшы Қысқы Олимпиаданың алдағы жарыстарына қатысатын болды.
Олимпия ойындарының 7 ақпан күнгі жарыстарында Ресейдің мәнерлеп сырғанау командасы үздік нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанған еді. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Камила Валиеваның желтоқсанда тапсырған допинг-тестінен тыйым салынған препарат табылғанын хабарлады. Кейіннен Ресей антидопинг агенттігі (RUSADA) CAS-қа апелляция берді.
CAS-тың арнайы комиссиясы жиын өткізіп, Валиеваның Олимпия ойындарының қатысуына рұқсат берді. Сот шешімі бойынша, спортшы кәмелет жасына жетпегендіктен, оны жарыстан шеттете алмайды. Өйткені Дүниежүзілік антидопинг кодексінде кәмелет жасына толмағандарды жарыстан шеттету туралы бап жоқ.