• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2014

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жануарларға санақ жүргізілді

886 рет
көрсетілді

«Қызыл кітапқа» енген «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жануарларға санақ жүргізілді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады. Аталған ұлттық парк қызметкерлері мен Зоология және аңшылықты қадағалау институтының мамандары екі күн бойы жануарларды санап шықты. Өткен жылы мұндағы тау ешкілері 131 болса, қазірде оның саны 158-ге жеткен. Ал қарақұйрық басы былтырғы жылмен салыстырғанда 350-ге өсіпті. Алайда, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың саны артуына қасқырлар шабуылы кедергі жасап тұр. Өйткені, ескі әдіспен қақпан құрып, қасқыр ұстау күткендегідей нәтиже бермей отыр. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шығыстан батысқа, одан орталық Азияға созылып жатқан Тұран және Жоңғар шөлі, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытқа қарай Қытай мен Моңғолияға дейін жалғасатын биографиялық аумақта орналасқандығымен құнды. Сондықтан парктің өзіне ғана тән биологиялық, ландшафтық ерекшеліктері бар. Оның тағы бір табиғи ерекшелігі, 20-25 метр аралықта өсімдіктер экожүйесінің ауысуын анық байқауға болады. Нақты айтқанда, бұл жерден жоғалып кету қаупі төнген 60 түрлі өсімдіктерді кездестіре аласыз. Соның 29 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Сонымен бірге, парк аумағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген құлан, қарақұйрықтың ең көп түрі мекендейді. Паркте жыртқыш құстардың да түрлері өте көп. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлемге әйгілі Пржевальский жылқыларын табиғатқа қайта қайтару мақсатындағы сынақ жұмыстарын жүргізіп отырған еліміздегі бірден-бір ғылыми орталық. Дүниежүзінде саны өте аз қалған Бұхар бұғысы да біздің паркте бар. Сондай-ақ, парк аумағынан емдік қасиеті айрықша минералды ыстық судың (терминалдық) қайнар көздерін кездестіре аласыз. Мұнда тарихи-мәдени ескерткіштер де бар.Біздің дәуірімізге дейінгі IV-VI ғасырлардағы сақ қорғандарының ішінде «Бесшатыр» қорғандарының алатын орны айрықша», -деді «Алтынемел» мемлекеттік  ұлттық табиғи паркінің бас директоры Халық Баяділов. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «24 kz». Фото: e-history.kz.