Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Алматы-1 стансасының паркінде бір әйел абайсызда пойыздың астына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анықталғандай, қайғылы қазаға ұшыраған 1962 жылы туған парк кезекшісі болып шықты. Ол абайсызда №377 «Алматы-Маңғышлақ» пойызының астына түсіп қалған. Осында алған ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында жантәсілім еткен.
Сұлтан Бозайғыр.
Дереккөз: Төтенше жағдайлар министрлігі.