Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бизнесі зардап шеккен 601 кәсіпкердің өтінімін арнайы комиссия мақұлдады. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматыда шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссияның бүгінгі отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 122,2 млн теңгеге 56 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 66,9 млн теңге сомасына 30 өтінім бюджет қаражаты есебінен, «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан 55,3 млн теңгеге 26 өтінім төленді. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында мәлім етті.
«Алматы қаласы бойынша комиссия жұмысы басталғалы бері барлығы 1118,6 млн теңге сомаға 601 өтінім мақұлданды», делінген басқарма таратқан хабарламада.