17 ақпанда Қазақстан Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында тек бір спорт түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Төменде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі берілген:
14:30 - конькимен жүгіру спорты. Әйелдер. 1000 метр. Финал.
Спортшылар: Надежда Морозова, Екатерина Айдова.
Естеріңізге сала кетсек, Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғауға 34 спортшы аттанған.