• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 17 Ақпан, 2022

Президент қаңтар оқиғасынан қандай сабақ алғанын айтты

2500 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan арнасына берген арнайы сұхбатында қаңтар қасіретінде Президент ретінде қандай ой түйгенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтардың қасіретті күндерінде халқымыз басынан қиын сәттерді өткерді. Лаңкестер елдегі жағдайды пайдаланып, егемендігімізге қол сұқпақ болды. Десе де, Тәуелсіздігімізді сақтай алдық. Әрқайсымыз да бұдан ой түйдік. Осы арада Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғадан Президент ретінде қандай сабақ алғанын айтты.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін жоққа шығаруға болмайды деп ойлаймын. Тарихқа қиянат жасамау керек. Оның қызметіне әділ баға беруіміз керек. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы керек. Қаңтар оқиғасы елімізге де, менің өзіме де үлкен сабақ болғаны сөзсіз. Тиісті қорытынды жасалды. Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер - соның нәтижесі. Алдымызда өте көп жұмыс бар. Мұны барлығы көріп, біліп отыр деп ойлаймын», деді Президент.