Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 KO) өзінің келесі кездесуін 25 ақпанда өткізеді.
Рroboxpromotions.us басылымының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы Флорида штатының (АҚШ) Плант-Сити қаласында өтетін жекпе-жек кешінде жұдырықтасады. Оның бұл жолғы қарсыласы – әлем чемпионы атағынан үміткер болған Ұлыбритания өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО). ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпаратты да таратты.
Айта кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың 20 ақпанында Майамиде өткізіп, эквадорлық Джейсон Минданы (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.