• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Ақпан, 2022

Сырт алаңда жеңіске жетті

142 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасының екінші күніне жоспарланған тағы екі ойынның бірінші кездесулері аяқталды. Сәрсенбі күні «Ливерпуль» – «Интер» және «Ред Булл Зальцбург» – «Бавария» клуб­тары жасыл алаңда жолықты.

Италиядағы «Джузеппе Меацца» стадио­нындағы тартысты бәсекеде «Ин­тер» ағыл­шындық командадан 0:2 есебімен же­ңіліп қалды. «Ливерпуль» сапынан 75-минутта Роберто Фирмино есеп ашса, араға тоғыз минут салып, Мохаммед Салах таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

Екінші кездесуде Аустрияның «Ред Булл Зальцбург» ұжымы өз алаңында Гер­манияның «Бавариясын» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынның есебін 21-минутта алаң иелері ашты. Гол авторы – Чик­вубуйке Адаму. Ал қонақтар сапынан 90-минутта Кингсли Коман мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңілістен құтқа­рып қалды.