• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Өнер 21 Ақпан, 2022

Кенептегі күйбелең

416 рет
көрсетілді

Күнтізбені қасіретпен айғыздаған «Қаңтар оқи­ғасы» отандық су­рет­­­шілердің кенебінен кө­рі­ніс таба бастады. Қыл­қалам шеберлерінің қол­таңбасы олардың оқи­ғаға деген көзқарасы ғана емес, қаншалықты ауыр болса да біздің та­ри­хымыздың бір бөлігі.

Ойда жоқта болған ойраннан ең көп зардап шеккен ай­мақ – Алма­ты қаласы. Ешкімді алала­­май­тын арман қаланың сол сәт­тегі сүреңсіз кейпі та­лайлар­­дың жанын ауыртты. Осы бір ­се­зімді бояу тілімен бере ал­ған кар­тиналардың бір шо­ғы­рын Мем­лекеттік орталық му­зей қабырғасынан ашыл­ған «Ме­нің Қазақстаным – ме­­нің от­басым» көрмесінен кез­­дес­тірдік. «Алмалы Палит­ра» су­рет­шілер қауымдасты­ғы ұсы­нған көрменің басты тақырыбы – қатер құшағын­дағы мегаполис һәм қай­та тұтанған үміт шырағы. Бел­­сенді суретшілер өз жұ­мыс­тарында еліне деген сүйіс­­пеншілігін, қолдауын және ма­хаббатын көрсете білген.

– Жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы», әрқай­сы­сымызға сүйікті қаламыз Ал­матының маңызды екенін, тіпті өмір құндылығын ұғын­­дырды. Көрме 35 су­рет­ш­і­­нің жұмысын біріктіріп отыр. Келушілер назарына – бейнелеу өнері, аква­рель, графика, сәндік қол­дан­балы өнер және тағы бас­қа жанр­дағы шығармалар ұсы­нылған. Көркем туынылар қала­мыздың тарихын, сонымен қатар әр ғимараттың тарихи құндылығын, олардың біз үшін қаншалықты бағалы екенін қаперімізге салады. Бостандық пен бейбітшілік – баға жетпес құндылық. Сурет­шілеріміз де бұл біздің берік ұстанымымыз екенін айшықтауға тырысқан. Айна­ламыздағы тұмса табиғат, тұрғындардың бақытты өмі­рі, алаңсыз тіршілік – өмір­дің жарқын келбеті. Әр шы­ғарманың астарында осындай ой жатыр, – дейді көрме жетекшісі Лидия Дроздова.

Өнер жәрмеңкесі қыл­қа­лам шеберлерінің арман қа­лаға деген іңкәрлігін паш етеді. Өнер – уақыт үнін та­рих­қа таң­балаудың бір тетігі еке­нін ес­керсек, көрме ашыла салы­сы­мен суреттерді са­тып алуға қы­зығушылық та­ныт­қандар қа­тары артқан. Ұйым­дас­ты­ру­шылар кейбір кар­тина­лар Мем­­­лекеттік Орталық музей қо­­рын толық­тыратынын ­айт­ады.