• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2022

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

323 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» және «Алтай-Богатырево» тасжолдарында жүргізілді.

«Бір аптадан кейін көктем келеді. Бұл қар көшкіні жүру қаупі ең жоғары кезең. Алайда қазірдің өзінде ауа температурасы күрт жылып, жауын-шашын жаууына байланысты облыста көшкін жүру қаупі туындаған. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары екі жолда профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады ведомство өкілдері.