• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 23 Ақпан, 2022

Ислам Махачевті нокаутқа түсірмесе ешкім жеңе алмайды – Хавьер Мендес

269 рет
көрсетілді

UFC-де жеңіл салмақта бақ сынап жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің біраз уақыт бойы өз салмағында жасындай жарқырайтынына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Исламның келесі қарсыласы Бобби Гриннің мықты спортшы екендігіне дау жоқ. Оның октагондағы қимылы, ойлауы маған ұнайды. Грин өз ісінің шебері екені рас. Ол енді өзінің шынында да мықты екенін дәлелдеуге тырысады. Өйткені мұндай мүмкіндік күнде туа бермейді. Әлбетте, жекпе-жек барысында түрлі жағдай орын алуы ықтимал. Алайда мен өзімнің бұрынғы пікірімде қаламын. Исламды жеңуге ниетті спортшы оны нокаутқа түсірмесе, ешқашан жеңе алмақ емес», дейді маман өз ойымен бөлісіп.