Укринформ агенттігі Ресей агрессиясына байланысты Канада Еуропаға 500-ге жуық әскер жіберетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдо баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Канада бұл әрекетін НАТО күштерін қолдау ретінде жасап отыр.
«Мен REASSURANCE операциясына канадалық күштердің 460 мүшесін қосамын. Әңгіме Латвиядағы әскерилеріміздің санын көбейту, сондай-ақ қосымша фрегат пен теңіз патрульдік ұшағын жіберу туралы болып отыр», деді Трюдо.